Атырауда полицейлерге шабуыл: екі қызметкер жарақат алды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Өзіңе сен, жас ойшыл)

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Өзіңе сен, жас ойшыл)


(Лермонтовқа еліктеп)


Өзіңе сен, жас ойшыл,
Тіл өнерің отпен тең.
Жаз күніндей жастық жыр
Жалын атсын жүректен.

Қанат қағып тез ұмтыл,
Шарықтайтын туды кез.
Жарысқа түс, безеп тіл,
Ұмтыл алға, ұмтыл тез.

Жалындаған жүректен
Жарқылдаған от көрем.
Қанатымен өлеңнің
Көтерілем көкке мен!

Жүректе жалын болса егер,
Жайнап шығар аспанға.
Өмір, өзің қуат бер
Жалындаған жас жанға!

Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


Автор
Санжар