KZNews.kz
Білім

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Кездессе екен көшеде)

KZNEWS


романс


Кездессе екен көшеде
Жүргенімде бір жалғыз,
Награды бар кеудеде
Жұрт мақтаған сол бір қыз.

Көз жіберіп төсіне,
Көрсем күміс наградын,
Күлім қағып көзіме,
Айтса маған қыз да атын.

Айтса сырын қыз маған
Төсіндегі наградтың,
Ағытар ем жырды оған
Әніменен рақаттың.



Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

KZNEWS
Автордың басқа материалдары