KZNews.kz
Білім

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Днепрде)

KZNEWS


Тулай ағып тынымсыз,
Дүрілдеген днепр.
Жағасында сұлу қыз
Жыламсырап неге тұр?

Алып қашып келеді
Қайықты бос толқындар.
Қайырғаны сол еді
Келмеген соң қайтып жар.

Қалды ма екен толқында
Аударылып қайықтан?...
Әлде жары тағы да
Келер ме екен ғайыптан.

Ағып жатыр днепр
Толқындатып үмітті
Көрінер деп көзге бір
Қарап жарын қыз күтті...

Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!



Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

KZNEWS
Автордың басқа материалдары