KZNews.kz
Білім

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Бәйтеректен ұялдым)

KZNEWS


Есігімнің алдында
Бәйтерек бар тым биік.
Тәкаппар бір қалпында
Жайқалады дүрдиіп.

Осы терек сірә да
Құрдас шығар менімен.
Бірақ бейне мұнара,
Дәйім асқақ керілген.

Құрдас жылдар өткен бе,
Ақшаланды бұл басым.
Жапырақ жайып көктемде
Жасарады құрдасым.

Ол тұр асқақ сипатпен
Биігіндей қиялдың.
Ақ шашымды сипап мен,
Бәйтеректен ұялдым...

Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


KZNEWS
Автордың басқа материалдары