KZNews.kz
Білім

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Әкеме)

KZNEWS


Сонымен құладың ба, тас қамалым,
Қалмады күйініштен басқа амалым,
Зиратың аяқ асты болмасын деп,
Бұзылған қорғанымнан тас қаладым.

Шынымен құладың ба, шым қорғаным,
Шынымен өртендің бе, нулы орманым.
Әке, сенің өміріңді жалғамасам,
Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным!


KZNEWS
Автордың басқа материалдары