Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (От) мағжан жұмабаев от өлеңі

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (От) мағжан жұмабаев от өлеңі

Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім - күнмін, өзім - от,
Сөзім, қысық көзімде - от,
Өзіме-өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі - от.
Оттан басқа тәңірі жоқ.

Жалынмен жұмсақ сүйеді,
Сүйген нәрсе күйеді.
Жымиып өзі жорғалар.
Ұшырағанды шоқ қылар,
Шоқ қылар да, жоқ қылар.
Мұның аты От болар.
Мен де отпын - мен жанам.
От - сен, тәңірім, табынам.

Әдемі отпен аспаның,
Бәрі жасық басқаның.
Жалын жұтам - тез тоям.
Әулием, ием, құтыма,
Теңсіз тәңірім отыма
Әлсін-әлсін май құям.
Май құямын - өрлейді.
Құлашын көкке сермейді.

Кейде жылан арбайтын,
Кейде аждаһа жалмайтын.
Сескенбес, сірә, кім сенен;
Шынында, менің өзім де - от,
Қысылған қара көзім де - от.
Мен - оттанмын, от - менен,
Жалынмын мен, жанамын.
Оттан туған баламын.

Қараңғылық бұққанда,
Қызарып күн шыққанда,
Күн отынан туғанмын;
Жүрегімді, жанымды,
Иманымды, арымды
Жалынменен жуғанмын.
Жүрегім де, жаным да - от,
Иманым да, арым да - от.

Жарқырап от боп туғаннан,
Белімді бекем буғаннан,
Қараңғылық - дұшпаным.
Сол жауызды жоюға,
Соқыр көзін оюға
Талай заулап ұшқанмын,
Әлпіге барғам Алтайдан.
Балқанға барғам Қытайдан...

Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім - күнмін, өзім - от,
Сөзім, қысық көзім де - от.
Өзіме-өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі - от,
Оттан басқа тәңірі жоқ.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары