
Біз бақытты туғаннан гүлденгенбіз,
Жаңа өмірдің бесігін ізденгенбіз,
Талай асу қиындық кездессе де,
Өнер білім желісін үзбегенбіз.
Жаңа өмірдің бесігін ізденгенбіз,
Талай асу қиындық кездессе де,
Өнер білім желісін үзбегенбіз.
Қайырмасы:
Берік болат біз жастармыз,
Мың сан миллион достармыз.
Біз бақытты нұрлы күннен де,
Жау аспайтын биік асқармыз.
Оғы, сөзі түк емес жаудың бізге,
Біз айбынды қорғанбыз елімізге,
Суық қолын сұғанақ ұсынса да,
Сынық сүйем келмейді жерімізге.
Қайырмасы.
Көкте, жерде, асуда, суда, шөлде,
Жау кез келсе-ақ жеңеміз қай жерде де.
ҰлыОтанның біз батыр ұрпағымыз,
Бізде жігер, бізде күш, бізде зерде.
Қайырмасы.
Біз - жауынгер майданға аттанатын.
Өшіреміз фашистің мүлдем атын,
Отан үшін, бақытты жеңіс үшін
Біз - алыппыз дұшпанды күл қылатын.
Қайырмасы.
#иса байзаков олендери
#иса байзақов өлеңдері
#иса байзақовтың өлеңі
#стихи на казахском языке иса байзаков
#Жастар маршы казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать
#Қазақша өлең: Иса Байзақов (Жастар маршы) » ZHARAR © 2019 иса байзаков Жастар маршы туралы олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков