KZNEWS.KZ
Білім

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қанапия)

• Санжар


Айқайлап жылқы бақтым мен жасымнан,
Бейнетке қарсы тұрмай кім жасыған.
Аспандап, жоғары өрлеп дәуірлеймін,
Суымын Ақ Жайықтың мен тасыған.

Айқайлап жылқы айдадым Сыр жағынан
Қамаған бай мен манап жан-жағымнан,
Төбелеп төре төтен жабылса да,
Келмейді Сырдың суы жұлығымнан.


Санжар
Журналист
Автордың басқа материалдары →