KZNews.kz
Білім

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Бөлектігің)

KZNEWS


Бөлектігің,-
Көп жұлдыздың ішінде
Көзге бұрын ұшырасқан айдайсың,

Зеректігің
Сен тұрғанда алға кітап жаймайсың,

Сиректігің
Шатыр етіп, баяғыда бір түсіп,
Жер бетіне шығып қалған жайдайсың.

Өлме деймін
Өлмей жүрсің - ризамын,
Білем, бірақ, бір күн тілімді алмайсың!



Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

KZNEWS
Автордың басқа материалдары