KZNews.kz
Білім

Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Түйе мойнын тұз кесер)

Жандос


Түйе мойнын тұз кесер,
Жігіт мойнын қыз кесер,
Сартылдаған сары аяз,
Жылқының мойнын мұз кесер.
Бұлан да бұлан, бұлан сан,
Бұланның санын оқ тесер,
Бұландап жүрген жігіттің
Жомарт қолын жоқ кесер!


Жандос
Автордың басқа материалдары