KZNews.kz
Білім

Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Сары аязда қата ма)

KZNEWS


Сары аязда қата ма
Қайнардың аққан тұнығы?
Қап түбінде жата ма
Болаттың асыл сынығы?
Халқың тозып, кем болмас,
Әділ болса ұлығы.
Рақымсыз жақыннан
Халқы қатты түңілер.
Сырқат болсаң жат жерде,
Жаныңа кім үңілер?!
Әділ туған жақсыға
Екі даугер жүгінер,
Тізесін қисық бұрмаса,
Асылдығы білінер.


KZNEWS
Автордың басқа материалдары