KZNews.kz
Білім

Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Сен кеткелі)

KZNEWS


Түрім де бұзылғандай сен кеткелі
Еш кетіп сезімімнің еңбектері
Аспан өзі күрсініп тұрғанменен
Жұбатуға тырысты жер-көк мені
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі

Ісімнің де түк емес кері кеткені
Қинайды өкініштің тербеткені
Шырылдауын қоймады ау жаным менің
Сәби сезім секілді жөргектегі
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі

Мұңменен қапталғандай көл беттері
Болыппын сезімсіздің ермектері
Мені алысқа әкетіп бара жатыр
Жалғыздықтың жасаулы жендеттері
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі....


KZNEWS
Автордың басқа материалдары