
Әжеме кетсем жұғысып,
Тапқандай болам сөз кенін.
Ертегін қызық ұғысып,
Тыңдаймыз көзбен көргенін.
Тапқандай болам сөз кенін.
Ертегін қызық ұғысып,
Тыңдаймыз көзбен көргенін.
Қабағын бір сәт шытпайды,
Жайдары ашық мінезі.
Балалар үйден шықпайды, -
Естілмес қатал бір сөзі.
Құшағы менен пейілі,
Далаға байтақ тең келер.
Нұрындай күннің мейірі,
Біздерге бақыт дем берер.
Ниеті таза, сондай ақ,
Мейірім толы жанары.
Таппаса байыз жанды аяп,
Демігіп, қажып қалады.
Қоя ғой, қарғам, күнім деп,
Айналар жанды жылытып.
Қараса әжем күлімдеп,
Кетеміз бәрін ұмытып.
Автор: Marat Mukhanov
#классный час на казахском языке день пожилых людей
#қазақша өлең 1 қазан қарттар күні
#Қазақша өлең: 1 Қазан - Қарттар күні (Әже
#қарттар күні өлеңдер
#қарттар күні сынып сағат
#стихи на казахском языке день пожилых людей казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать
#Апа) » ZHARAR © 2019 Қазақша Сынып сағат 1 қазан қарттар күні