
Аңылжыған айдала. Терістіктен темірдей қарып ызғырық жел еседі. Жападан-жалғыз. Шалқасынан жатыр. Бүкіл ту сырты тұтаса мұздап, тұрайын десе, тұра алмайды. Өзіне не болғанын білмейді. Аттан жығылған деуге сынған, мертіккен ештеңесі жоқ сияқты. Бірақ, тұла бойы ап-ауыр.
Жып-жылы бірдеңе маңдайын қайта-қайта сипалайды. Бұл не болды екен? Жүгенін сылдырлатып, қасына кеп, жылқы қайыратын шара көз шабдар айғыры жұп-жұмсақ еріндерімен мандайын ұйпалап, иіскеп тұрғаннан сау ма? Жоқ, әлде… Бірақ, олай болуы мүмкін емес. Ол ешқашан бұның маңайына бүйтіп жақындап көрген жоқ. Тек анадайдан анда-санда ғана бір жылжып қоятын. Ал, қазір… Қасына келгендей… Маңдайынан сипағандай. Құлағына бірдеңе деп күбірлегендей. (100 сөз)
(Ә.Кекілбаев)
#қазақ тілінен диктант жазу
#диктант казак тили сабагында казакша
#диктант казак тилинен
#диктанты на казахском языке
#диктанты по казахскому языку
#қазақ тілі диктанттар жинағы
#қазақ тілінен диктанттар жинағы
#Арпалыс казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать
#Қазақша диктант: Қазақ тілі | Арпалыс қазақ тілі Арпалыс диктант по казахскому языку казак тили