"ЦОНда шынымен посредниктер жүр ме?" – ҰҚК-дан мән-жайды анықтау сұралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақмыс» Жамбыл облысында көпірді қайта жөндеп шықты

«Қазақмыс» Жамбыл облысында көпірді қайта жөндеп шықты
фото: Қазақмыс

Жамбыл облысының Шу ауданында «Шатыркөл» апаттық су ағызу каналы арқылы өтетін көпір қайта жөнделіп, пайдалануға берілді. Нысан Дінмұхамед Қонаев атындағы ауылдан Бірлік ауылына апаратын жол бойындағы теміржол өткелінің маңында орналасқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Көпірдің техникалық жағдайы нашарлағандықтан, оны қайта жаңарту бастамасын «Қазақмыс» корпорациясы көтерді. Жобаның мақсаты – көлік және теміржол инфрақұрылымы орналасқан аймақта автокөліктердің қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 360 млн теңгені құрады. Жоба жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп іске асырылды.

«Біз мұндай нысандарды тек өндірістік қажеттілік ретінде қарастырмаймыз. Көпір аудан тұрғындары жиі пайдаланатын жолда орналасқан. Сондықтан оның жағдайын бағалау кезінде адамдардың қауіпсіздігі мен инфрақұрылымдық тәуекелдерді азайту басты назарда болды», – деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Тұрақты даму және коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры Сәкен Шаяхметов.

Алғашында көпір «Шатыркөл» кенішінің өндірістік логистикасына қызмет етіп, Бірлік теміржол станциясына жүк тасымалдау үшін пайдаланылған.

Кейін өндірістік логистика қайта ұйымдастырылды. «Шатыркөл» байыту фабрикасы іске қосылғаннан кейін шикізат кен орнында өңделетін болды. Қазіргі таңда көпір арқылы тек дайын концентрат жеткізіледі. Соның нәтижесінде жолдағы көлік қозғалысының қарқыны айтарлықтай азайды.

Өнеркәсіптік жүктеме төмендегеніне қарамастан, көпір қоғамдық маңызын сақтап отыр. Оны маңайдағы елді мекен тұрғындары мен транзиттік көліктер пайдаланады. Сонымен қатар бұл нысан теміржол өткелі маңындағы негізгі көлік тораптарының бірі болып қала береді.

Қайта жаңғырту жұмыстары көпірдің сенімділігін арттырып, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Нысанды ұзақ әрі тұрақты пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасалды.

Жобаны жүзеге асыру «Қазақмыстың» өңірлік инфрақұрылымды дамытуға және өндірістік қызмет пен тұрғындардың күнделікті қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған көзқарасын көрсетеді.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан