«Жетісу» футболшыларының ұятсыз әрекеті жабайылық па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақмыс» ұйымдастырған Metallurg Fest Ұлытау өңірінің мыңдаған тұрғынын біріктірді

«Қазақмыс» ұйымдастырған Metallurg Fest Ұлытау өңірінің мыңдаған тұрғынын біріктірді
Фото: ашық дереккөз

Жезқазғанда Металлург күніне арналған мерекелік іс-шаралардың басты оқиғасы «Қазақмыс» Тобы ұйымдастырған Metallurg Fest фестивалі болды. Осы кеште қаланың орталық алаңы мерекелік думанға ұласып, Ұлытау облысының мыңдаған тұрғыны мен қонағының басын қосты, деп хабарлайды kznews.kz.

Metallurg Fest фестивалін өткізу компанияның игі дәстүріне айналды. Мереке жыл сайын Жезқазғанның, Ұлытау өңірінің және тұтас отандық металлургия саласының дамуына зор үлес қосып келе жатқан металлургтер мен олардың отбасына деген құрмет пен алғыстың белгісі ретінде ұйымдастырылады.

Дәстүрге сай фестиваль ауқымды отбасылық бағдарламадан басталды. Балалар үшін арнайы ойын және шығармашылық алаңдар, аквагрим аймақтары мен арт-кеңістіктер әзірленді. Аниматорлар мен алып қуыршақтар кішкентай қонақтарға шаттық сыйлап, мерекенің сәнін келтірді. Балалар химиялық шоу мен сабын көпіршіктері қойылымын қызыға тамашалап, тосынсыйларға толы мерекелік пиньятаны зор қуанышпен қарсы алды.

Концерттік бағдарламаны белгілі отандық жүргізушілер Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазин ашты. Олар металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтап, көрермендерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Кештің музыкалық бағдарламасы Timur Teams би ұжымының әсерлі шоуымен басталды. Одан кейін сахна төріне шыққан IL’HAN заманауи отандық эстрада тыңдармандарын өнерімен тәнті етті.

Қазақстанның халық әртісі Болат Құсайынов пен әнші BAYANSULU мерекелік кешке ерекше жылулық сыйлады. Олардың өнерін әртүрлі буын өкілдері ыстық ықыласпен қабылдады.

Кештің ең жарқын сәттерінің бірі атақты «Ялла» тобының өнер көрсетуі болды. Топтың көпшілікке танымал әндері фестиваль қонақтарының бірнеше буынын біріктірді. Көрермендер бүгінде классикаға айналған таныс әуендерге қосылып бірге ән шырқады.

Sadraddin-нің сахнаға шығуы мерекелік кешке ерекше серпін берді. Алғашқы минуттардан-ақ алаң ашық аспан астындағы үлкен би алаңына айналды. Көрермендер сүйікті әндеріне қосылып, бірге билеп, өнер иесін зор қошеметпен қарсы алды.

Metallurg Fest фестивалінің қорытынды бөлігінде Мадияр Тойболды жетекшілік ететін Ne Prosto Orchestra өнер көрсетті. Алматыдан келген тәуелсіз симфониялық оркестр отандық эстрада шығармаларын, әлемдік танымал туындыларды, ретро-композициялар мен белгілі кинофильмдерден алынған әуендерді біріктірген ерекше музыкалық бағдарлама ұсынды. Симфониялық әуен мерекеге ерекше салтанат сыйлап, концерттік бағдарламаның қорытынды нүктесін қойды.

Кештің шарықтау шегі – Жезқазған аспанын сан алуан түске бөлеген әсерлі мерекелік отшашу болды. Концерт аяқталғаннан кейін де қала тұрғындары мен қонақтары алаңнан бірден тарқамай, естелік суретке түсіп, алған әсерімен бөлісіп, бір-бірін Металлург күнімен құттықтады.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.