Солтүстік өңірге газ жеткізетін желіні "Газпром" салады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақмыс» геологиялық барлау саласына жасанды интеллект енгізуде

«Қазақмыс» геологиялық барлау саласына жасанды интеллект енгізуде
фото: Қазақмыс

Минералдық-шикізат қорын дамыту – «Қазақмыс» Тобының стратегиялық басымдықтарының бірі. Осы мақсатта «Kazakhmys Barlau» ЖШС геологиялық барлау жұмысына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект шешімдерін кезең-кезеңімен енгізіп келеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Биыл цифрлық технологияны қолдану арқылы 20 геологиялық барлау жобасы жүзеге асырылуда. Олардың қатарында геоақпараттық жүйелерді, үшөлшемді модельдеуді және жасанды интеллектті пайдалану көзделген. Бұл геологиялық деректің сапасын арттыруға, кен денелерін болжау дәлдігін жақсартуға және тиімді геологиялық шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Аталған жобалар бойынша жалпы инвестиция порфелі 18,2 млн АҚШ долларын құрайды.

Қазіргі таңда цифрлық шешімдер геологиялық деректерді жинаудан бастап, кернді зерттеуге, бұрғылау техникасын онлайн бақылауға және цифрлық геологиялық модельдер құруға дейінгі барлық негізгі үдерістерді қамтиды. Бірыңғай цифрлық орта қалыптастырылып, 50 бірлік техникаға онлайн-мониторинг енгізілді, шалғай нысандарда Starlink спутниктік байланысы іске қосылуда. Ал Жезқазғандағы Геологиялық кластерде ANCORELOG және LithoLens жасанды интеллект кешендері қолданылуда. 

Геологиялық барлауды кешенді цифрландыру болжам жасау дәлдігін арттырып, өндірістік шешімдерді жедел қабылдауға, тәуекелдерді азайтуға және минералдық-шикізат қорын тиімді толықтыруға мүмкіндік береді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.