«Рокировка» - Тоқаев бұрынғы министр Ермек Көшербаевты Еуропаға жіберді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақмыс Жезқазған кеніштерін дамыту үшін геологиялық барлау жұмысын күшейтуде

Қазақмыс Жезқазған кеніштерін дамыту үшін геологиялық барлау жұмысын күшейтуде
фото: ашық дереккөз

Қазақмыстың жаңа командасы минералдық-шикізат базасын дамытуды ұзақ мерзімді жұмыстың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады.

 «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған кен орны аумағында мыс қорының қосымша көлемін анықтау және қолданыстағы кеніштердің шикізат базасын қалыптастыру мақсатында геологиялық барлау жұмысын жүргізіп жатыр. Әсіресе Жезқазғанның тау-кен кәсіпорындарын одан әрі дамытуға байланысты №114 келісімшарт аясындағы учаскелерге ерекше назар аударылуда, деп хабарлайды kznews.kz
 2026 жылдың тоғыз айында «Қазақмыс Барлау» ЖШС еншілес компаниясы корпорация жобалары бойынша 17,2 мың қума метр геологиялық барлау, бұрғылау жұмысын орындады. Бұл жоспарлы көрсеткіштің 104,6%-ын құрайды.

Негізгі нәтижелер:

▪️ №114 келісімшарт: Жезқазған кен орнының қапталдарында жалпы ұзындығы 4 750 метр болатын 7 ұңғыма бұрғыланды. Терең деңгейжиектерді зерттеу үшін жалпы тереңдігі 3 500 метрден асатын тағы 4 ұңғыма қазылды.

▪️ ГРП кентінің маңы: жер бетіне жақын мыс қорларын зерттеу үшін шамамен 1 800 қума метр бұрғылау жұмысы орындалды.

▪️ Келесі кезең: Жезқазған-Жыланды кенді ауданында геохимиялық және геофизикалық зерттеулер, соның ішінде 2D-сейсмикалық барлау жүргізу көзделген. 2027 жылы көлемі 30 мың қума метрден асатын қосымша бұрғылау бағдарламасын бастау жоспарланып отыр.

▪️ Басқа өндірістік алаңдар: Нұрқазған кен орнында 2 300 метрден астам, Қажықонған-Алтынтөбе кенді алаңында 1 600 метр, Абыз учаскесінде 2 800 метрден астам бұрғылау жұмысы орындалды.

Геологиялық барлау жұмыстары кен орындарының ресурстық әлеуетін бағалауға және «Қазақмыстың» өндірістік алаңдарын одан әрі дамыту перспективаларын айқындауға мүмкіндік береді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.