«Айына миллион табасың»: Англияға жұмысқа жіберемін деген әйел 10 адамды алдап кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақмыс 300-ден астам ағаш отырғызып, өңірлерде экологиялық акция өткізді

Қазақмыс 300-ден астам ағаш отырғызып, өңірлерде экологиялық акция өткізді

«Қазақмыс» Тобы қалалық ортаны жақсарту мен абаттандыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды kznews.kz.

Кезекті көгалдандыру акциясы Астана қаласындағы №52 мектеп-гимназиясының аумағында «Қазақмыс» Тобының басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің қатысуымен өтті. Компания қызметкерлері бірлесіп, 200 түп ағаш отырғызды.

Экологиялық іс-шара Қарағанды облысында да өтті. Көгалдандыру жұмысы өндірістік алаңдарда және елді мекендерде жүргізілді: Шешенқара кентінде — 30 түп ағаш, Бақты кентінде — 50 көшет, «Абыз» кенішінде 20 түп ағаш отырғызылса, тағы 20 көшет Қарағанды құю-машина жасау зауытының аумағына егілді.

Сонымен қатар компанияға қатысы бар аймақтарда сенбілік ұйымдастырылды. Соңғы апта ішінде компанияның 800-ге жуық жұмыскері кәсіпорын аумағы мен қоғамдық кеңістіктерден 580 тоннаға жуық қоқыс жинап, шығарды. Бұл жұмысқа 28 бірлік арнайы техника тартылды. Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларында өткен тазалық акциясы Балқаш көлінің жағалауын да қамтыды.

Мұндай экологиялық бастамалар «Қазақмыс» Тобының өңірлердің экологиялық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.