KZNews.kz
Қоғам

Қазақ тілінде қызмет көрсетуді қаламаған Gusto мейрамханасының әкімшісі жұмыстан босатылды

Torgyn Abushakhman

Шымбұлақтағы тау-шаңғы курортында орналасқан Gusto мейрамханасында қазақ тіліне қатысты туындаған дау бойынша ішкі тексеру аяқталды. Бұл туралы мейрамхана әкімшілігі ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тексеру нәтижесінде мейрамхананың сервис стандарттары мен корпоративтік коммуникация талаптары бұзылғаны анықталып, аталған оқиғаға қатысы бар әкімшінің қызметін тоқтату жөнінде басқарушылық шешім қабылданған.

Мейрамхана өкілдерінің айтуынша, бұл шешім ішкі тәртіп аясында жүзеге асырылған және тараптардың әрекеттеріне құқықтық баға беруді көздемейді. Ал оқиғаға байланысты мәселе қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тараптардың қатысуымен әрі қарай қаралатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Шымбұлақтағы Gusto мейрамханасында қызметкердің қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартуы қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Оқиға әлеуметтік желілер мен ақпараттық кеңістікте қызу талқыланды.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары