KZNews.kz
Қоғам

“Қазақ тілі - кедейлердің тілі”: Депутат қазақ тілі туралы жазбасына қатысты түсініктеме берді

Айжан Сыланова
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желілерде резонанс тудырған қазақ тілі туралы мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz Nege.kz порталына сілтеме жасап. 

Интернет кеңістігінде депутаттың «қазақ тілі — кедейлердің, сіңірлердің, тачка итерушілер мен официанттардың тілі» деп жазған пікірінің скриншоты тарап жатыр.

Аталған мәліметтің анық-қанығын депутаттың өзі түсіндірді. Самат Нұртаза бұл жазбаның бірнеше жыл бұрын жазылғанын растап, оның мән-жайын былай деп айтты:

«Бұл пікірді мен 2019–2020 жылдары эмоцияға беріліп, ашу үстінде және сарказммен жазған болатынмын. Біреулер бұл сөзді контекстен жұлып алып, мағынасын бұрмалаған. Бұл скриншот жыл сайын дерлік қайта шығып отырады».

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →