Света Айтбаева әлеуметтік желіде қазақтың қыз ұзату дәстүріне қатысты әсерлі жазба жариялап, көне салттың мәнін түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, бұрын қазақ халқы қызды күндіз, түс ауа ұзатқан. Бұл — қыздың жолы жарық, болашағы баянды болсын деген ырымнан туған дәстүр. Ал қазіргі таңда қыз ұзатуды түн ортасында өткізу жиілеп кеткенін айтты.
Света Айтбаева өз өңірінде тойдан кейін арнайы қонақасы беріліп, қыздың әке үйінен алғаш рет қонақ ретінде аттанатынын жазған. Сондай-ақ жасау тиеу, көрімдік беру, «құда тартар» секілді салттардың әзіл мен ақ батаның атмосферасында өтетінін атап өтті.
«Біз де Раушантайды ата-баба дәстүрінен ауытқымай ұзаттық», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұл пікірді қолдап, ұлттық дәстүрді сақтау маңызды екенін айтты.