Қоғам

Қазақ пен қырғыз халқына тіл тигізген Екатерина Бивол жындыханадан бір-ақ шықты

Қазақ пен қырғыз халқына тіл тигізген Екатерина Бивол жындыханадан бір-ақ шықты
Фото: әлеуметтік желіден

Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Бивол әлеуметтік желіде жаңа видео жариялап, өзіне түсіп жатқан шағымдардан кейін психиатриялық тексеруге бара жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, шағымдарды бұрынғы күйеуінің жанкүйерлері мен таныстары берген.

Екатерина видеода соңғы екі жыл бойы Қырғызстан мен Қазақстаннан шыққан Бивол жанкүйерлерінің қысым көріп жүргенін, бұрынғы жұбайы тарапынан да «тоқтаусыз психологиялық шабуыл» болғанын айтты.

«Бұл тексерудің балаларға еш қатысы жоқ. Балаларым керемет, күнде жаттығуларына бірге барамын. Маған жасалған ұзақ мерзімді агрессияға жауап қайтарсам, біреулер соны пайдаланып, мені тексеруге жібереді», – деді ол.

Ол соңғы жылдары жеке өміріне қатысты мәліметтерді жинау, тарату, қорқыту, алимент пен опека арқылы қысым күшейгенін жеткізді.

Желіде тараған құжатта оның бұрынғы күйеуіне және оның жақындарына өлім тілегені, бұл сөздерді балалардың көзінше айтатыны және «өзі мен балаларға қауіп төндіруі мүмкін» деген айыптар жазылған. Сондай-ақ «апатия кезінде балалармен бірге терезеден секіремін» деп қорқытқан деген шағым бар. Автор балаларды уақытша алып қоюды сұраған.

35 жастағы Екатерина Бивол осыған дейін қазақ және қырғыз халқына тіл тигізген видеосымен желіде резонанс тудырған еді. Аккаунты бұғатталғанымен, ролик кең тараған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz