Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ боксшы қыздары "Ұлттар кубогы" турниріне қатысады

Қазақ боксшы қыздары "Ұлттар кубогы" турниріне қатысады

14-21 қаңтар аралығында Сербияның Сомбор қаласында бокстан қыздар арасында "Ұлттар кубогы" халықаралық турнирі өтеді. Бұл бәсекеге қазақстандық бұрымды боксшы арулар да қатысады.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты Сербиядағы сынға қатысатын боксшы қыздардың тізімін жариялады. Бас жаттықтырушы Вадим Присяжнюк бұл турнирге ұлттық құраманың ең мықты боксшыларын ала бармақ.

Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы:

Әйгерім Қасенаева (48 келі)
Назым Қызайбай (51 келі)
Ангелина Лукас (51 келі)
Дина Жоламан (54 келі)
Сәния Сұлтанқызы (57 келі)
Римма Волосенко (60 келі)
Милана Сафронова (64 келі)
Әлия Әбдірайымова (64 келі)
Ақерке Бақытжан (69 келі)
Аида Оңдаш (75 келі)
Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).

Айта кетейік, Сербиядағы "Ұлттар кубогі" халықаралық турнирі жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Дереккөз: https://massaget.kz/
Автор
Арман