Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Илья Ильин "Катар кубогы" халықаралық турниріне қатысады

Илья Ильин "Катар кубогы" халықаралық турниріне қатысады

Катар астанасы Дохада 19-23 желтоқсан аралығында "Катар кубогы" халықаралық турнирі өтеді. Ауыр атлеттердің бұл бәсекесі 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі аясындағы жарыстар қатарына енеді.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Дохадағы дода олимпиадалық салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Жарысқа Қазақстан атынан 9 ауыр атлет қатысады. Олардың қатарында Илья Ильин де бар.

"Катар кубогы" халықаралық турниріне қатысушылар қатарында Ильиннен өзге Арли Чонтей (61 кг), Игорь Сон (61 кг), Фархад Харки (67 кг), Нижат Рахимов (73 кг), Айдар Қазов (81 кг), Рүстем Сыбай (96 кг), Карина Горичева (64 кг) және Раушан Мешітханова (87 кг) бар.

- Олимпиадаға екінші іріктеу кезеңі болып саналатын бұл турнирдің біз үшін маңызы жоғары. "Катар кубогы" халықаралық турниріне қатысу спортшыларға рейтингтік ұпай сыйлайды. Бұл әлем чемпионатына қатыса алмай қалған немесе төмен нәтиже көрсеткен ауыр атлеттер үшін бір мүмкіндік. Бұл әлем чемпионатынан кейінгі аз уақыт ішінде өткелі жатқан жарыс. Сонда да жоғары нәтиже көрсетуге тырысамыз, - деді ҚР ұлтты құрамасының бас жаттықтырушысы Юрий Мельников.

Дереккөз: https://massaget.kz/
Автор
Мадияр