KZNews.kz
Жаңалықтар

Қазан айында пара алу фактілері күрт өсті – ҰҚК

Азамат Қойшығара
Ашық дереккөз

Қазан айында Қазақстанда пара алу және беру деректері айтарлықтай артқан. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ай сайынғы есебінде хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қазан айында барлығы 83 құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде:

– бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу – 12 дерек;
– алаяқтық – 16 дерек;
– қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану – 2 дерек;
– билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану – 3 дерек;
– парақорлыққа делдал болу – 4 дерек;
– пара беру – 11 дерек;
– пара алу – 26 дерек.

ҰҚК мәліметінше, пара алу және беру фактілері бойынша көрсеткіш бір айда бірнеше есе өскен.
Мысалы, қыркүйекте бар болғаны бес пара алу және бес пара беру жағдайы тіркелсе, тамызда бұл көрсеткіш 18 және 17, ал шілде айында төрт және бес дерек болған.

Сонымен қатар, қазан айында комитет 54 қылмыстық істің материалдарын сотқа жолдаған. Оның ішінде:

– ҚК 147-бабы («Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы бұзу») – 1 іс;
– ҚК 189-бабы («Бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу») – 1 іс;
– ҚК 190-бабы («Алаяқтық») – 17 іс;
– ҚК 366-бабы («Пара алу») – 19 іс;
– ҚК 367-бабы («Пара беру») – 11 іс;
– ҚК 368-бабы («Парақорлыққа делдал болу») – 5 іс.

ҰҚК деректеріне сәйкес, парақорлықпен байланысты қылмыстардың ай сайынғы өсімі мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоғары деңгейін көрсетеді.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары