Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫН КҮТІП АЛДЫ

ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫН КҮТІП АЛДЫ

Кеше қазалылықтар «Нұр-Сұлтан – Қызылорда» пойызынан Еуропа төрінде, Нидерланды елінде бокстан әйелдер арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған Дәметкен Келімбетті күтіп алды.

Ғасырдан астам тарихы бар теміржол вокзалында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлыбек Есбосынов, №17 Қазалы олимпиадалық резервтың мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Қуанған Бәкен, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әліби Әбиев және боксшының ата-аналары мен бауырлары Дәметкенді жеңісімен құттықтап, гүл шоқтарын тарту етті.

Өз кезегінде жастар арасында бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы, бокстан ел чемпионатының қола жүлдегері, төрт жылда бір рет өтетін Қазақстан Республикасының жазғы Спартакиадасының қола жүлдегері Дәметкен Келімбет жарыстан алған әсерімен бөлісіп, бұл жеңісті туған жері – қасиетті Қазалы ауданына арнайтынын жеткізді.

Айта кетейік, жақында ғана Дәметкен Келімбет Нидерландының Эйндховен қаласында өткен «EINDHOVEN BOX CUP 2019» халықаралық турнирінің чемпионы атанған болатын.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Автор
Арман

Журналист