KZNews.kz
Спорт

«Қайрат» – «Реал» матчы: алып-сатарлар билет бағасын 500 мың теңгеге дейін көтерді

Ayzhan Sylanova
Фото: defensacentral.com

Threads әлеуметтік желісінде жарияланған хабарландыруларға қарағанда, матч билеттері кейбір адамдар тарапынан 500 мың теңгеге дейін бағаланған.

Ойынға билет таба алмаған жанкүйерлердің бірі желіде пікір қалдырып: «Жарайды, алып-сатарлар, билет бағасын айтыңдар», – деп жазған. Осы жазбаның астына бірнеше алып-сатар өз ұсыныстарын қалдырып, кейбірі шынымен де шектен тыс қымбат баға қойған.

Бұл жағдай футбол сүйер қауым арасында наразылық тудырды. Көпшілік билеттердің ресми сатылымға шыққан бойда тез өтіп кеткеніне қынжылып, ұйымдастырушыларға жанкүйерлердің мүддесін қорғау қажеттігін айтып жатыр.

Айта кетейік, «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы көптен күткен кездесу Алматыда өтпек және ол Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ең маңызды ойындардың бірі саналады.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары