KZNews.kz
Саясат

«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Алматыдағы Орталық стадионға Назарбаевтар отбасы келуі мүмкін

KZNEWS

Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасын ФК «Қайрат» иесі Қайрат Боранбаев шақырды деген қауесет тарады.

«Орда» редакциясы бұл деректің рас-өтірігін анықтау үшін «Қайраттың» баспасөз қызметіне жүгінді.

«ФК «Қайрат» басшылығы атынан аталған тұлғаларға шақырту жолданды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», — деп хабарлады клуб әкімшілігі.

Сонымен қатар баспасөз қызметі әрбір жанкүйердің билетті өзі сатып ала алатынын еске салды.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары