KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың інісі Заңғар мен жұбайы болашақ сәбилерінің жынысын жария етті

Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Желіде тараған бейнежазбада жұп көздерін байлап, алақандарын бояуға малып, бір-біріне тигізеді. Бейне ақ-қара түсте сақталып, оқырман үшін құпия соңына дейін ашылмайды. Тек ерлі-зайыптылар көзін шешкен сәтте экран көк түске боялып, олардың ұл баланы күтіп жүргені белгілі болды.

Видео соңында Заңғардың ерекше қуаныштан эмоциясын жасыра алмағаны байқалады. Ал желі қолданушылары жас отбасына жүрекжарды тілектерін арнап, «Қазақстанға тағы бір батыр қосылады» деген пікірлер қалдырды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →