Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда Қайрат Нұртастың концертіне байланысты көшелер жабылады

Алматыда Қайрат Нұртастың концертіне байланысты көшелер жабылады

Алматыда танымал әнші Қайрат Нұртастың концерті қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бұл туралы қала полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kznews.kz
Полицияның мәліметінше, 2025 жылдың 31 қазанында Орталық стадионда өтетін концерт кезінде құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

    «Кептелістердің алдын алу мақсатында Орталық стадион маңындағы көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Шектеу Абылай хан даңғылы, Байтурсынов, Мұқанов және Сәтпаев көшелерінің аумағын қамтиды. Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, жол бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі - біздің басты міндетіміз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Сондай-ақ, департамент өкілдері барлық шаралардың басты мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасау екенін атап өтті.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.