KZNews.kz
Спорт

«Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды

Айжан Сыланова
Фото: fckairat.com

Бұл ойында «Қайраттың» бірнеше негізгі ойыншысы алаңға шықпады: көп сары қағаз алған Дастан Сәтпаев пен шабуылшы Эдмилсон матчқа қатыспады. Ал жарақатынан айыққан қорғаушы Луиш Мата негізгі құрамда өнер көрсетті.

Негізгі және қосымша уақытта есеп ашылмағанымен, шешуші сәтте пенальти сериясында алматылықтар қарсыласынан басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпиясын» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС-ын (0:2, 3:0) және Словакияның «Слованын» (1:0, 0:1, пенальти 4:3) жарыстан шығарған еді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →