KZNews.kz
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Torgyn Abushakhman

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kznews.kz.

Ақорданың мәліметінше, президент Мысыр елінің одан әрі өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді.

Сондай-ақ қос халықтың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынас алдағы уақытта да арта түсетініне сенім білдірді.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары