Пайда - 133,6 млрд, шығын - 5,1 млрд: "Қазпоштаның" хәлі мүшкіл ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның маңызына тоқталып, оның ел болашағы үшін айрықша рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

«Жаңа Конституцияны қабылдау – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру деген сөз. Бұл – дұрыс пен бұрысты тани білетін, жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата алатын, кемеліне жеткен жұрттың ғана қолынан келетін іс.

Жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, егемендігіміздің тұғыры болады. Оның әр нормасы, әр тармағы Тәуелсіздігімізді нығайта түседі.

Әділдік қағидаты бас құжаттың өзегіне айналды. Сондықтан жаңа Ата заңды Әділетті Қазақстанның төлқұжаты десек, қателеспейміз.

Мен ел Президенті және Конституция кепілі ретінде бас құжаттағы ережелердің мүлтіксіз орындалуы үшін бар күш-жігерімді саламын.

Жаңа Конституциямызға сәйкес адал қызмет етуге серт беремін.

Еліміз әрқашан өсіп-өркендей берсін!

Қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын!».

Айта кетейік, Ақордада Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.