"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қарулы күштер жанындағы ұлттық ұлан қызметкерлеріне сыйақы беріледі - Қазақстан жаңалықтары

Қарулы күштер жанындағы ұлттық ұлан қызметкерлеріне сыйақы беріледі - Қазақстан жаңалықтары

Ұлттық ұлан мен қарулы күштердің әскери қызметшілеріне сыйлықақы төленеді. Бұл туралы қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне, ұлттық ұлан мен қарулы күштердің әскери қызметкерлеріне сыйақы төлеуге 8 миллиард теңге бөлінеді", - деді Шолпанқұлов.

Айта кетейік, елде төтенше жағдай енгізілген алғашқы күндерден бастап әскери қызметшілер күшейтілген қызмет режиміне ауыстырылды.

Сондай-ақ, оның айтуынша, байланыс қызметтерін көрсетуге және ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуіне 4 миллиард теңге бөлінеді.

Ал 5,6 миллиард теңге - сот-медициналық сараптама қызметінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бөлінеді.

Жалпы, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2020 жылға арналған бюджетті нақтылау аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға қосымша 125 миллиард теңге қарастырылған.

Оның ішінде 40,6 миллиард теңге - карантиндік шараларға қатысатын медицина қызметкерлерін ынталандыруға бөлінеді.


stan.kz
Автор
Еркебұлан