Щучинсктегі жарылыс: қаза тапқандарға 2 млн, зардап шеккендерге 1 млн теңге жәрдемақы беріледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда жүк көлігі жарылды - Тосын жай

Қарағандыда жүк көлігі жарылды - Тосын жай

Қарағандыда "Шығыс" базарында жүк көлігінің жанармай багы жарылып кетті. Оның жүргізушісі жарақат алып, қазіргі уақытта ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Облыстық ТЖД хабарламасына сәйкес, жүк көлігінің жүргізушісі жанармай багын дәнекерлейтін лампамен жылытпақшы болған. Соның салдарынан ер адамның беті мен қолы күйіп қалған. Ол Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. 

"Отты ашық пайдалану кезінде абайсызда жарылыс болды. 25 желтоқсанда 13:18-де бізге хабар түсті. Өрт 13:38-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 6 арнайы техникамен жеке құрамның 25 адамы жұмылдырылды. Өрт аумағы - 8 шаршы метр. Өрт салдарынан кабинаның өртенгіш бөлігі жанып кетіп, жүк салатын бөлігіндегі қаптама өртенген", - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Нұрайым Кенжехан. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Автор
Жандос