Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда жүк көлігі жарылды | КТК

Қарағандыда жүк көлігі жарылды | КТК

Қарағандыда «Шығыс» базарында жүк көлігінің жанармай багы жарылып кетті.

Облыстық ТЖД хабарламасына сәйкес, жүк көлігінің жүргізушісі жанармай багын дәнекерлейтін лампамен жылытпақшы болған. Соның салдарынан ер адамның беті мен қолы күйіп қалған. Ол Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. 

«Өрт 25 желтоқсан күні сағат 13:18-де шықты. Оның салдарынан Volvo және Scania жүк көліктеріне жалын шарпып, аздаған зақым келді. Өрт сағат 13:32-де ауыздықталып, алты минуттан кейін сөндірілді», – деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 

Өртті сөндіруге 6 арнайы техникамен жеке құрамның 25 адамы жұмылдырылды. Өрт аумағы - 8 шаршы метр. Өрт салдарынан кабинаның өртенгіш бөлігі жанып кетіп, жүк салатын бөлігіндегі қаптама өртенген. 

Автор
Жандос