ка

Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адам қаза тапты - Тосын жай

02.01.2019 20:55
0
41
Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адам қаза тапты - Тосын жай

Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облытық полиция департаментініне сілтеме жасап. 

Редакцияның Whatsapp +7 777 - 001 - 44 - 99 нөміріне оқырмандар видео жіберген. Онда жастар арасында жанжал шығып, артынша төбелеске ұласқан. Видеодағы үзіндіге сәйкес, оқиға 1 қаңтарға қараған түні болған. 

Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде, зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әр түрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген. 

Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жастар спирттік ішімдік ішкеннен кейін жанжалдасқан. Қазіргі уақытта күдікті анықталды, ұстау шарасы жүргізіліп жатыр", - деді полиция баспасөз қызметінің өкілдері. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий