Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда екі жасөспірім жалдамалы пәтерден өлі табылды

Қарағандыда екі жасөспірім жалдамалы пәтерден өлі табылды
Фото: Andranik Hakobyan/Getty Images

Қарағандыда жалдамалы пәтерден 18 және 15 жастағы жігіттердің денелері табылды. Полиция мәліметінше, олардың мәйіттерінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желілерде жасөспірім мен жас жігіттің өлімі есірткіден болуы мүмкін деген болжам айтылып жатыр. Алайда, полиция бұл ақпаратты ресми түрде растамады.

Олардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тергеушілер қазір не болғанын анықтап жатыр. Барлық нұсқалар тексеріліп, куәлардан жауап алынып, оқиғаның барлық мән-жайы зерттелуде.

"Тергеу  барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тексеру мен тергеу әрекеттерінің қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", - дейді өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі