Саяси смета: Бюджет қаржысы қай партияларға бұйырды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда бес жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер жасырын орыннан табылды

Қарағандыда бес жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер жасырын орыннан табылды
Фото: Видеодан скрин

Қарағандыда бес жылға жуық халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Ол ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды kznews.kz.

Өңірлік Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 43 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Арнайы операция Қарағандыдағы жекеменшік үйлердің бірінде жүргізілген.

Полиция мәліметінше, үйді тінту кезінде ваннаның астыңғы бөлігіндегі кішкентай есік көзге түскен. Бастапқыда құқық қорғау қызметкерлері мұны жай ғана жасырын сөре деп ойлаған, алайда ваннаның артындағы қуыс жерқоймаға апаратын есік болған. Онда іздеудегі адам тығылып жатқан. Жасырын орынның "кіреберісінің" ені мен биіктігі шамамен жарты метр ғана болады.

"Ол осы жасырын орынға еңбектеп кіріп жүрген, ал жерқойманың ішінде оның кереуеті мен барлық қажетті заттары болған. Бұл ер адам тығылуға болатын нағыз толыққанды бөлме. Бір қарағанда жай ғана ванна сияқты көрінгенімен, оның артында нағыз жасырын орын бар", - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам қала тұрғынын қорқыту арқылы 117 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінген.

"Күдікті астыртын шараларын қолдана отырып, ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып келген", - деді Қуаныш Орынбетов.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.