KZNews.kz
Қоғам

Қарағандыда 1,5 жастағы бала 12 магнит моншағын жұтып қойды

Ayzhan Sylanova
Фото: theneocube.com

Ата-анасы іші қатты ауырған баланы шұғыл түрде облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізген. Тексеру барысында оның асқазанынан жылан тәрізді тізілген 12 магнит моншақ табылды.

Дәрігерлердің айтуынша, сырт көзге жай ойыншық көрінгенімен, мұндай магниттер ағзаға түскенде бір-біріне тартылып, ішкі тіндерді зақымдауы мүмкін. Бұл жолы да балаға шұғыл ота жасалып, барлық магнит алынған. Қазір оның жағдайы тұрақты, жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды.

«Ата-аналарға ескертеріміз — мұндай магнит ойыншықтарды сатып алмаңыздар. Олар балалардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі ықтимал», – деді балалар хирургі Бейбіт Бердібеков.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары