KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Қарағанды облысында жүк көлігі автобуспен соқтығысты

• Санжар

Қарағанды облысында жолаушылар  автобусы мен жүк көлігі соқтығысты.

Апат туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады.

«21 қараша күні таңертеңгі сағат 8-де Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында, «Қызылорда-Павлодар» автожолының 982 шақырымында «Қушоқы ауылы-Қарағанды» бағытында қатынайтын жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты», - деді ол.

Автобус салонында 45 адам болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Қарағанды облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағындағылар мен медициналық апаттар орталығының қызметкерлері қысылып қалған екі автобусты алып шықты. Оқиға орнында 1990 жылғы жолаушы қайтыс болып, 9 адам түрлі жарақат алған. Зардап шеккендер Қарағандының №1 қалалық ауруханасына жеткізілді. 
 


 

Санжар
Журналист
Автордың басқа материалдары →