KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қарағанды әкімдігі ғимаратынан адам құлап өлді

Еркебұлан

Қарағанды әкімдігі ғимаратының терезесінен адам құлап өлді. Бұл туралы қарағандылық белсенді Айсұлтан Жақыпов айтты.

Оқиға қалалық әкімдіктің ғимаратында болған. Оқиғаның нақты барысын құзырлы мекемелер әлі хабарлаған жоқ. Куәгерлердің айтуынша 1983 жылы туған азамат әкімдік терезесін жөндеп жатқанда құлап кетіп қайтыс болған. Қоғам белсендісінің айтуынша өлген азаматты жерлеуге әкімдік автобус т.б көмек жасаған.

Бұл іс бойынша қазір тергеу жүріп жатыр.

https://www.youtube.com/watch?v=09bjN3_kI2Y

Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →