Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қара бетперде киген жігіт тағы бір жанға өмір мен болашақ сыйлады

Қара бетперде киген жігіт тағы бір жанға өмір мен болашақ сыйлады
Фото: видеодан скриншот

15 жастағы Ақнұрдың тағдыры көпшілікті және қара бетперде киген жігітті бейжай қалдырмады. Ол сирек кездесетін таран сүйек дисплазиясы дертіне шалдыққан, ал отандық дәрігерлер оның жағдайына нақты көмек көрсете алмаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Қыздың отбасы қиын жағдайда өмір сүріп келген: анасы тәтті сатып күн көрсе, ағасы түрлі қара жұмыс істейді. Ақнұрдың өзі аяғынан айырылып қалу қаупі барын айтып, шетелде емделуді армандаған. Оның басты тілегі – өздігінен жүріп, мектепке барып, қатарластарындай өмір сүру.

Қиын жағдайдан шығуға «Человек в маске» лақап атымен танымал қайырымдылық иесі көмектесті. Ол Ақнұрға емделуге және білім алуға жеткілікті қаржы табыстап, отбасына жаңа баспана алуға мүмкіндік берген.

Қазіргі таңда Ақнұр анасы және ағасымен бірге Түркияда ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның денсаулығынан онкологиялық белгілер анықтаған, сондықтан алдағы емдеу кезеңі күрделі болмақ.

Соған қарамастан, отбасы үмітін үзбейді. Ақнұрдың ең үлкен арманы – бір күні өз аяғымен жүріп, мектепке бару және басқа балалар сияқты өмір сүру.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.