KZNews.kz
Қоғам

Қара бетперде киген ер азамат 30 мұқтаж отбасыға үй сыйлады

Айжан Сыланова
Фото: ЖИ

Бетперде тағып, қайырымдылықпен айналысып жүрген жас жігіт мұқтаж жандарға ерекше қуаныш сыйлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшасында ол мұсылман қауымын Рамазан айының келуімен құттықтап, игі істің нәтижесін бөлісті. Айтуынша, жанашыр азаматтардың қолдауының арқасында қасиетті айда 30 отбасы баспаналы болған. Сондай-ақ жаңа үйге қол жеткізген сәтте қуаныштан көзіне жас алған жандардың әсерлі видеосын жариялады.

Желі қолданушылары пікір қалдырып, игі іске ұйытқы болған азаматтарға ризашылықтарын білдірді. Танымал тұлғалар да қайырымдылық жасаған жандарға алғыс айтып, жылы лебіздерін жеткізді.

«Қасиетті айдағы тілектер қабыл болсын», «Жасаған жақсылықтарыңыз еселеніп қайтсын», «Ниеттеріңіз қабыл болғай», «Жаңа қоныс құтты болсын» деген ізгі тілектер жазылды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →