«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қаңтарда ауа райы қандай болады?

Қаңтарда ауа райы қандай болады?
Фото: Nikatv.ru

Алдын ала болжам бойынша қаңтарда ауаның орташа айлық температурасы республиканың оңтүстік-батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нормадан 1 градусқа жоғары, ал қалған аймақтарда климаттық нормаға жақын болады. Бұл туралы “Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және нормадан жоғары болады, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде қар айлық нормадан аз жауады.

Бірінші онкүндіктің басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометр бағаны түнде 25-30, кей жерлерде 35 градус аязға дейін, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 градус аязға дейін төмендейді.

Ал еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлеріне жылы ауа массалары келеді және күн жауын-шашынды әрі жылы болады. Ауа температурасы түнде 2-7, кей жерлерде 12 градусқа дейін аяз болады, күндіз 0-5 градус жылы, кей жерлерде 5 градусқа дейін аяз болады.

Жалпы алғанда, қаңтар жылы әрі жауын-шашынды болады. Тек бірінші және үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы төмендейді.

Синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай консультативтік болжам бірталай өзгеріске ұшырауы мүмкін, – деп ескертеді “Қазгидромет” мамандары.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Дереккөз: Baribar.kz
Автор
Әлихан