Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қаңтар оқиғасынан кейін сотталған Арман Жұмагелдиевтің жаңа видеосы тарады

Қаңтар оқиғасынан кейін сотталған Арман Жұмагелдиевтің жаңа видеосы тарады
ашық дереккөзден

"Дикий Арман" лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің жаңа видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Қаңтар оқиғасынан кейін 20 жылға бас бостандығынан айырылған Жұмагелдиев бейнежазбада өз ұстанымын айтып, бір күні істің ақиқаты ашылатынына сенетінін жеткізген.

Ол өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтып, мемлекетке немесе халыққа қарсы әрекет етпегенін мәлімдеді.

"Шындық ерте ме, кеш пе ортаға шығады. Құран ұстап тұрып ант етемін. Ешқандай қастандық болған емес, мемлекет пен халыққа қарсы шыққан емеспін. Не істесем де, бәрін Алла мен халық үшін істедім", – дейді Арман Жұмагелдиев тараған видеода.

Әлеуметтік желіде тараған бұл бейнежазба көпшіліктің назарын аударып, қолданушылар арасында түрлі пікір туғызды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер