KZNEWS.KZ
Саясат

Қаңтар оқиғасы кезінде азапталған қырғыз музыкантына қатысты тергеу аяқталды

• Айбар

Қырғызстанның құқық қорғау органдары Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған музыкант Викрам Рузахуновтың азапталуына қатысты істі тергеу аяқталды. Материалдар Қазақстанға жіберілмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.



Бұл туралы Рузахуновтың өзі Facebook-тегі парақшасында жазды.



"Сарапшылар менің денсаулығыма ауыр зиян келтірілді деп бағалады. Жиналған материалдар Қырғызстанның Бас прокуратурасы арқылы кінәлі тұлғаларды анықтау және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанның құзыретті органдарына жіберілетін болады", — деді ол.

Айта кетейік, Қазақстандағы қаңтар қырғыны кезінде Қырғызстанның 10-ға жуық азаматы ұсталып, босатылған.Олардың арасында белгілі қырғыз музыканты Викрам Рузахунов та болды.

Ақпанда  Қырғызстан прокуратурасы музыканның азапталуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →