"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қаңтар оқиғаларына кем дегенде екі жыл дайындалған

Қаңтар оқиғаларына кем дегенде екі жыл дайындалған

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Қазақстандағы қаңтар оқиғасының тергеу барысы туралы баяндама жасады.

«Қауіпсіздік күштері шабуыл жасаушылардың көптігінен мұндай агрессияға төтеп бере алмады. 18-20 жас аралығындағы полиция қызметкерлері мен сарбаздар соққыға жығылды, қорлық көрді. Ол күндері жараланғандардың 80%-ы қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері болды. Бірақ сол кезде де шабуылшыларға оқ атылған жоқ. Қарулы күштер оларды соңғы сәтке дейін ұстауға тырысты. Бірақ олардың бұл әрекеті әлсіздік ретінде қабылданды», – деді Берік Асылов.

Оның пікірінше, аталған әрекеттердің түпкі мақсаты билікті күшпен басып алу болды.
«Азаматтардың өмірін сақтап қалу үшін тәртіп сақшылары қару қолдануға мәжбүр болды», – деді Асылов.

Бұл ретте ол құқық қорғау органдары шабуыл жасағандарға соңғы сәтке дейін оқ атпағанын атап өтті.
«Қаңтар оқиғаларына кем дегенде екі жыл дайындалған. Көбісі мұның бәрі бейбіт митингілерден басталды деп ойлайды. Бірақ барлығы әлдеқайда ертерек басталды», – адвокат Айман
Омарова.

Сондай-ақ ол жаппай тәртіпсіздіктерді кәсіби дайындалған топтар басқарғанын олардың арасында тек бейбіт тұрғындар ғана емес, сонымен қатар арнайы қызмет өкілдері мен қылмыскерлер де болғанын растады.
Автор
Еркебұлан