7 трлн теңгенің жыры: Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Миландағы Олимпиада гала-шоуында Михаил Шайдоров күтпеген жерден Джеки Чанмен кездесті

Миландағы Олимпиада гала-шоуында Михаил Шайдоров күтпеген жерден Джеки Чанмен кездесті
Фото: Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық Комитеті / kznews коллажы

Миланда Қысқы Олимпиада аясында өткен гала-шоуда олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров арнайы көрсетілімдік нөмір ұсынды. Көрсетілім соңында Джеки Чан мұз айдынына шығып, Михаил Шайдоровты қарсы алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қысқы Олимпиада ойындары аясындағы Миланда өткен гала-шоуда олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өнер көрсетті. Спортшының көрсетілімдік нөміріне күтпеген жерден әлемге әйгілі актер Джеки Чан келіп, қолдау білдіріп қана қоймай, бағдарламаға да араласты.

Гала-кешке мәнерлеп сырғанаушылар әдетте жарыс бағдарламасында көрсетілмейтін ерекше қойылым әзірлейді. Бұл жолы Шайдоров пен оның командасы мұз айдынына панда костюмімен шығатын тосын нөмір дайындаған.

Чемпионның сөзінше, Джеки Чанның қатысуы алдын ала жоспарланбаған.

“Бұл күтпеген жағдай болды. Мұз айдынына келгенде, мұнда Джеки Чанның жүргенін білдім. Әрине, бірден онымен суретке түсуге жүгірдім. Ол мені құттықтады. Ал мен оған гала-нөмірімді міндетті түрде көру керегін айттым. Ол келісіп, қалатынын жеткізді. Кейін ұйымдастырушылар мен қызметкерлер арқылы нөмірдің соңында оның мұзға шығуын келістік”, – деді Михаил.

Шайдоров панда костюміндегі өнердің де өз қиындығы барын жасырмады. Айтуынша, костюмнің іші қатты ыстық, ал секіру кезінде салмақ пен тепе-теңдікті ұстау екі есе күрделене түседі.

“Оның ішінде тұрудың өзі қиын, өте ыстық. Ал секіру тіпті бөлек әңгіме. Костюм үлкен әрі жеңіл болғандықтан, кез келген қимылда екі жаққа теңселіп кетеді, бұл айтарлықтай қауіпті”, – деп түсіндірді Шайдоров.

Сондай-ақ ол Олимпиада чемпионы атанудың салмағын енді анық сезіне бастағанын айтып, елге тезірек оралғысы келетінін жеткізді.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер